Көкшетауда жедел құтқару жасағаның қызметкерлері шарбаққа қысылып қалған елікті босатты, деп хабарлайды Kazinform.
Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға қаладағы мектептердің бірінің маңында болған. Металл қорашудың шарбағына қысылып қалған елік, өздігінен босап шыға алмаған.
«Жабай жануарды құтқаруға жедел құтқару жасағаның қызметкерлері тартылды. Құтқарушылар гидравликалық аспаптың көмегімен қоршаудың металлын керіп, елікті босатты», - деді ведомстводан.
Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетауда еліктер автожолға шығып кеткен болатын.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.