Полицейлердің мәліметі бойынша 2016 жылдың 27 желтоқсанында Көкшетау қалалық Ішкі істер басқармасына 33 жастағы жергілікті тұрғын арызданған. Арызданушының сөзіне қарағанда, сол күні түнде белгісіз біреулер оның «Мазда» көлігінің терезесін сындырып, «Пионер» автомагнитоласын үптеп кеткен. Кейін көлік иесі полицияның көмегіне жүгінеді. Жедел іздестіру шарасы барысында тәртіп сақшылары араға төрт күн салып, 21 және 19 жастағы күдіктілерді қолға түсіреді.
«Күдіктілердің екеуі де осындай қылмыстары үшін бұрын сотты болған. Қазіргі кезде, олардан түсініктеме алынып, үстерінен ҚР ҚК 188-бабының 2- бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары барысында күдіктілердің 10-нан астам көлікті тонағаны әшкерлендіп», деп мәлім етті полицейлер.