Ведомствоның мәліметінше, Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне «Лото Клуб» букмекерлік кеңсесінің тұрақты клиенті 3 миллион теңгеге жуық ақша ұрлағаны туралы хабар түсті.
«Полиция осы бойынша бірден Қылмыстық кодекстің «тонау» бабы бойынша іс қозғап, тергеу амалдарын бастап кетті. Алайда, тергеу кезінде букмекерлік кеңсенің екі қызметкері күдіктіге өз еркімен кассадан 1 миллион 214 мың теңге ақшаны бергені анықталды», - дейді ведомстводан.
Букмекерлік кеңсенің екі қызметкері - 22 және 41 жастағы әйелдерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ал 22 жастағы әйелге байланысты «жалған ақпарат беру» бабы бойынша іс қозғалды.