Қызының із-түссіз жоғалғандығы жайында 38 жасар анасы полицияға 8 қазанда хабарлаған. Оның сөзіне қарағанда, қызы 5 қазан күні үйден кеткелі бері хабарсыз
«5 қазанда шамамен сағат 09.00-де аталған әйелдің қызы мектепке дайындыққа баратынын айтқан. Сағат 10.00 мерзімінде қыздың оқытушысы үй телефонына баланың дайындыққа келмегенін хабарлады. Осыдан кейін анасы қызын іздестіруге кіріседі. Ол барлық таныстарынан сұрастырғанымен еш нәтиже болмаған соң, полицияға хабарласты»,- делінген баспасөз қызметінің мәліметінде.
Қазіргі кезде аталған факті бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.