Полицейлердің дерегі бойынша 1989 жылғы Кулаковский Николай Николаевич ағымдағы жылдың 18 маусымында үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.
«Оның бет-әлпеті еурпалық нәсілді, бойы 175-180 см шамасында, дене бітімі мығым, шаштары қара. Үстінде қара жейде, қара джинси, қызыл спорттық аяқ киім (крассовка) киген. Жоғалған азамат туралы қандай да ақпарат білетін адамдар болса, 29-96-47, 8707 119 87 19 немесе 102 арнайы нөміріне хабарласуына болады», деп көрсетілген хабарламада.
13:09, 29 Маусым 2016
Көкшетауда із-түссіз жоғалып кеткен 26 жастағы ер адам іздестірілуде
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда із-түссіз жоғалып кеткен 26 жастағы ер адам іздестірілуде. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.