Кеңесте құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында халық көп жиналатын қоғамдық орындарда жəне қаланың тысқары шағын аудандарында бейнебақылау камераларын орнату жөнінде ұсыныс жасалды.
«Қазақтелеком» АҚ жергілікті филиалының өкілдерінің мəліметі бойынша жыл басынан бері байланыс операторлары облыс орталығының көптеген үйлерінде бейнебақылау жүйесін тестілеуде. Камералар стационарлық компьютерден де, сонымен бірге барлық заманауи гаджеттерден де ауладағы және баспалдақ алаңында болып жатқан жайттарды шынайы уақытта бақылай алады. Шамамен сәуір айынан бастап, жеке тұлғалардың өтініштері түсе бастаған шақтан тұрғын-үй нысандарында жабдықтардың орнатылуы басталады. Абоненттік төлем айына шамамен 400 теңгені құрайды.
Жергілікті полиция өкілдері Көкшетау қаласында орнатылған 129 аналогты және сандық бейне камералар қылмысты ашуды жеңілдетіп отырғанын атап өтуде. 2016 жылы осындай бейне камералардың көмегімен 15 669 әкімшілік құқықбұзушылықтың жолы кесіліп, қала шетінде барлығы 120, «Қауіпсіз аула» бағдарламасы бойынша 14 қылмыстың беті ашылды. Ағымдағы жылда тағы бес камера орнатылатын болады.
Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев жергілікті полиция қызметіне қала прокуратурасының келісімі бойынша қылмыс көп жасалатын қала аудандарында бейнебақылау камераларын орнату орындарын анықтауға, ТКШ бөліміне «Қазақтелеком» АҚ жергілікті филиалы өкілдерінің ұсынысын қарастыруға, тапсырма беріп, полиция қызметінің адами ресурстарын жетілдіруге осы шараның өзектілігіне ерекше көңіл бөлді.