КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Қопа көлінен оқу-жаттығуға арналған мина табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Фото: Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Ведомствоның мәліметінше, бұл туралы 23 наурызда Көкшетау қалалық ПБ-не Қопа көлінде балық аулап жүрген балықшылар хабарлап айтқан.
«Жергілікті полицияға балықшылар хабарласып, Қопа көлінде ТМ-62 минасы табылғанын айтты. Тексеріс барысында аталмыш минаның әскери емес, оқу-жаттығуға арналғаны анықталды», - деді ведомстводан.
Айта кетсек, Щучье тұрғынының үйінен екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі пулемет-тапанша табылды.
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.