Щучье тұрғынының үйінен екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі пулемет-тапанша табылды

None
Фото: Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Криминалдық полиция қызметкерлері Щучье қаласының 58 жастағы тұрғынының үйінен 7,62 калибрлі 1944 жылғы Шпагин пулемет-тапаншасын тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қару «Мал ұрлығы» жедел алдын алу шарасы барысында анықталып, тәркіленді.

«Тұрғынның сөзінше, сирек кездесетін қаруды ол биылғы жылдың ақпан айында бұрын металл қабылдау пункті болған аумақтан тауып алған. Қаруды заңсыз сақтау дерегі Қылмыстық кодекстің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Тексеру кезінде «Тіркелген қару» және «Қылмыстық қару» есебі бойынша мәліметтер базасында қару жоқ екендігі анықталды. Баллистикалық сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасуда», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, Қосшыда көршісінің үйінен 20 млн теңгесін ұрлап кеткен тұрғын ұсталды.


Соңғы жаңалықтар
telegram