Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлі метінше, келеңсіз жағдай бүгін сағат 14:42 облыс орталығындағы Кенесары көшесі 25 мекенжайы бойынша орналасқан 5 қабатты тұрғын үйде орын алды.
«Анықталғандай, көппәтерлі тұрғын үйдің ең жоғары 5 қабатындағы пәтердің балконы құлаған. Оқиға орнына ТЖД 3 техникасы мен 14 қызметкері барып, құлаған балконның орнындағы кірпіш сынықтарын тазалады. Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ», - деді ведомстводан.
Айта кетейік, балконның құлағаны туралы әлеуметтік желіде фото және бейнежазба тарады. Онда балконның бетон плитасы мен кірпіш сынықтары үйдің алдында тұрған көліктің үстіне құлағанын көруге болады.