Ведомствоның мәліметінше, 30 қарашада Көкшетау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны облыстық ауруханаға жеткізілгені туралы хабар түсті.
«Ер адам «жабық ми жарақаты, сол жақтағы 6-шы қабырғаның сынуы» диагнозымен ауруханаға түсті. Жедел-тергеу тобы оның 30 қараша күні жаңадан салынып жатқан көп пәтерлі тұрғын үйдің 5-қабатынан құлағанын анықтады. Осы жағдайға байланысты Қылмыстық кодекстің 156-шы бабының 1-ші бөлігі «еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Тексеру жүргізіледі» - деді ведомстводан.