КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда гаражда тұрған көліктің ішінен екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, көз жұмғандар 1986 жылғы жігіт пен 1994 жылғы бойжеткен. Қайғылы оқиға 9 наурыз күні болған.
«Алдын ала мәлімет бойынша екеуінің ыстан уланып қалғаны анықталып отыр. Қазір осы оқиға байланысты тексеріс жүргізілуде», - деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.