«Ақмола облысының мәдениет мекемелері „Таза Қазақстан“ экологиялық акциясын қолдады. Жеңіс күніне орайластырылған бұл игі шараның маңызы зор. Енді Көкшетауда мәдениет және өнер қайраткерлерінің өз аллеясы болады. Акцияға Ақмола облысының Көкшетаудағы барлық 11 мәдениет мекемесі қатысты, оның ішінде екі театр, филармония, „Көкшетау“ МҮ, облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы, кітапханалар, мұражайлар бар, — деді басқарма басшысы Айгүл Сәбитова.
Жиырма алма ағашын отырғызуға еңбек сіңірген мәдениет қызметкерлері, дирижерлер, вокалистер, кітапханашылар, мұражай қызметкерлері келді.
«Ағаш отырғызып, сүйікті қаламызды көгалдандыру әрбір азаматтың борышы. Мәдениет және өнер қайраткерлерінің өз аллеясының болуы әрине қуантады. Келешекте бұл жұмыстар жалғасатын болады, — деп атап өтті облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының диекторы Асхат Магавин.
Отырғызылған алма ағаштары күтіп, бапталады. Вандализмді болдырмау үшін „Көкшетау“ мәдениет үйі ғимаратында орнатылған бейнебақылау камералары арқылы бақыланып отырады.
Басқарамадан атап өткендей, алдағы уақытта қалада мәдениет және өнер қайраткерлерінің есімдері мен ұйымдардың атауы жазылған тақтайша қойылады.
Айта кетсек, бұдан Көкшетауда журналистер аллеясы пайда болған еді.