Көкшетауда журналистер аллеясы пайда болды

Журналистер аллеясы
Фото: Kazinform/Аслан Оспанов

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Көкшетауда журналистер аллеясы пайда болды. Ондағы 37 түп ағаш еліміздегі БАҚ атауымен және журналистика ардагерлерінің есімдерімен аталады.

Аллея Көкшетау қаласының орталығындағы алаңқайда орналасқан. Оның ашылуына Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Алляеда Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің ағашы да отырғызылды. 

Журналистер аллеясы
Фото: Kazinform/Аслан Оспанов

«Бүкіл еліміз бойынша, оның ішінде біздің облысымызда экологиялық акциясы өтіп жатыр. Осы шара аясында ішкі саясат басқармасының бастамасымен журналистердің атаулы аллеясы ашылды. Бүгін отыз жеті түп ағаш отырғыздық. Акция жалғасын тауып, жасыл желекте жаңа есімдер мен атаулар пайда болады, - деді Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Кәрімова.

Ақмола облысы
Фото: Kazinform/Аслан Оспанов

Айта кетсек, өңірде 25 сәуірден бастап елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша көктемгі айлық өтіп жатыр. Оған барлығы 62579 адам және 677 техника жұмылдырылған. Айлық барысында 16186 ағаш пен бұта отырғызылды, елді мекендерден 71,5 мың текше метр күл-қоқыс шығарылды. Көпқабатты 673 тұрғын үйдің ауласы тазартылып, 131 саябақ пен скверлер ретке келтірілді және 128 стихиялық қоқыс полигоны жойылды.

Журналистер аллеясы
Фото: Kazinform/Аслан Оспанов

Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетауда 9 мыңға жуық ағаш отырғызылғанын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар