Полицейлердің мәліметі бойынша, 21-23 ақпан аралығында ІІД криминальдық полиция басқармасының «К» бөлімшесінің қызметкерлері Көкшетаудағы орталық базар аумағында жүргізген «Контрафакт» жедел алдын алу шарасы барысында «пираттық жолмен» шығарылған DVD және CD-дискілерін саудалап жүрген 34 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді. Тексеріс кезінде күдікті әйелден контрафактілік 149 дана CD-DVD дискілері тәркіленеді. Оның 12-сі порнографиялық. Тәркіленген дискілердің барлығы сараптамаға жіберілді.
«Қазіргі кезде күдіктінің үстінен ҚР ҚК 311 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп көрсетілген хабарламада.