Бұған дейін хабарланғандай, 23 қаңтарда Рудный қаласының 19 жастағы тұрғыны көпқабатты үйдің кіреберісінен пышақ жарақатымен табылды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Алдын ала ақпарат бойынша, күдіктілер жәбірленушімен таныс болған. Қайғылы оқиға жеке жанжалдан туындаған. Қазіргі уақытта қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанай облысында Рудный қаласының 19 жастағы тұрғынын өлтірді деген күдік бойынша екі адам іздестіріліп жатқанын хабарлағанбыз.