Көкшетауда теміржол саяжайын су басып қалды

Фото: Фото: kokshe_city_03

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Көкшетаудағы теміржол саяжайын су басып қалды. Бұл туралы саяжай иелері әлеуметтік желіде жариялады.

Қала әкімдігінің мәліметінше, Шағалалы су қоймасынан су ағызу барысында 53 теміржол саяжайын су басып қалған.

«Шағалалы су қоймасынан секундына 90 текше метрге дейін су ағызылуына байланысты бүгін 4-ші сәуірде 53 теміржол саяжайын су басып қалды. Бұл жыл сайын су ағызу кезінде болатын құбылыс. Су жасыл желектер аймағын басып қалды, онда жұмыс істеу мүмкін емес. Жалпы саяжай массивінде барлығы 243 саяжай бар. Саяжай учаскелерінің иелері алдын ала хабардар етілді, ешкім зардап шеккен жоқ. Барлығы жергілікті атқарушы органдардың бақылауында», - деп түсіндірді Kazinform тілшісінің сауалына қалалық әкімдіктен.

Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетауда су тасқынынан мүлкіне зиян келген 65 адамнан өтініш түскенін жазған едік.