Ведомствоның мәліметінше, 21 желтоқсанда Көкшетау қалалық полиция басқармасына облыс орталығының 38 жастағы тұрғыны хабарласып, 15 жасар ұлының үйден кетіп қалғанын және оның қайда жүргені белгісіз екенін айтқан.
«Анасының айтуынша, күндіз ол оған жұмысқа барған, онда кәмелет жасқа толмаған бала мен жалға беруші сөзге келіп қалған. Әйел жасөспірімнің қылығына наразы болды, кейін осынына өкінді. Анасы үйге келгенде ұлын таппады. Өз іздеп көргенімен одан еш нәтиже шықпаған кешкі сағат 21:00 әйел полициядан көмек сұрады», - деді ведомстводан.
Дереу арнайы іздестіру тобы құрылды, оның құрамына криминалдық, ювеналдық полиция қызметкерлері, сондай-ақ учаскелік инспекторлар кірді. Іздеу шараларына жоғалған жасөспірімнің сыныптастары мен достары да атсалысты. 22 желтоқсан күні түнгі сағат 01:30-да жасөспірім танысының көлігінен табылды.
«Жасөспірімге қатысты ешқандай заңсыз әрекеттер жасалмағаны анықталды. Полиция қызметкерлері жасөспіріммен әңгімелесіп, есепке қойды», - деп толықтырды ведомстводан.