Көктайғақ кезіндегі қауіпсіздік ережелері қандай

Фото: Қайырбек Сариев

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары тұрғындарға көктайғақ кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. 

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көктайғақ кезінде жарақат алып қалмау үшін қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды.

— Табаны қатты, сырғымайтын аяқ киімді таңдаңыз. Ауыр сөмкелерді өзіңізбен бірге алып жүрмеңіз, себебі тепе-теңдікті жоғалтып құлап қалу қаупі жоғары. Егер мұз басқан жерді айналып өтуге мүмкіндік болмай тұрса, онда мұз үстімен қысқа адымдар жасап, шаңғышы сияқты баяу сырғып қозғалыңыз, — делінген ақпаратта. 

Қолыңызды қалтаңызға салып жүрмеңіз. Бұл құлаған кезде жарақат алу қаупін арттырады. 

— Егер сырғанып кетсеңіз — сәл отырып, қолыңыздағы барлық нәрсені тастаңыз. Жолда телефонмен сөйлесуден бас тартыңыз. Көктайғақ әсіресе баспалдақта, жол жиектерінде аса қауіпті екенін ұмытпаңыз, — делінген хабарламада. 

Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде ақпанның басынан 500-ге жуық адам көктайғақтан зардап шеккені хабарланған.