Көктемгі су тасқыны басталғалы бері бес адам суға кетті - министр Қасымов

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрі Қалмұxамбет Қасымовтың айтуынша, алдағы уақытта Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында су тасқынының қаупі күшейеді.

Сол себепті құтқару қызметтерінің басым бөлігі сол жаққа ауыстырылып жатыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Соңғы кездері Қарағанды облысындағы жағдай күрт қиындап кетті. Осы уақытқа дейін жеті елді мекенде 33 үйге су кірді. 397 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Бүгінде біраз үйлерден су шығарылды. 361 адам қайта үйлеріне оралды", - деді министр Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, республика бойынша 46 жол учаскесі судың астында қалды. Соның ішінде 43 - автомобиль жолы, 3-уі - теміржол. "Теміржол желісі жөнделді, пойыз қатынасы жүріп жатыр. Автомобиль жолдарының біраз бөлігінде де көлік қозғалысы қайта ашылды. Әзірше, 11 учаскеде апаттық шаралар атқаралып жатыр. Өкінішке қарай, адам шығыны болды. Қарағанды облысында су басқан жолмен келе жатқан УАЗ көлігін аударылып кетті. 11 адам өз күшімен аман қалды. Үш адам суға батып кетті. Дәл осы жерде қауіпсіздік шараларын сақтамаған тағы екі адам өзеннен атпен өтеміз деп суға кетті.