«Министрлік балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөледі. Шомылу маусымы басталарда және оның бүкіл кезеңінде құтқарушылар балаларға жүзу, құтқару және алғашқы көмек көрсету дағдыларын үйретеді», — деді ТЖ министрі Үкімет отырысында.
Дегенмен, бала өлімінің басты себебі — ересектердің балаларды қараусыз қалдыруы.
Осыған байланысты балалар лагерлерінің тәрбиешілерімен және ата-аналармен нұсқаулық та өткізіледі.
«Қазіргі уақытта елімізде су айдындарының жанында орналасқан 30-дан астам балалар лагері жұмыс істеп тұр. Оның тек 19-ында ғана балаларға арнап жабдықталған шомылу орындары бар. Оқу-ағарту министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, лагерьлердегі балалардың қауіпсіздігіне арналған шараларды шұғыл қабылдауы қажет», — деп толықтырды Ш. Әрінов.
Айта кетейік, жыл басынан бері 45 адам, ал 1 маусымнан бері 27 адам суға батып кетті.
Министр жағажайды кісі өлімі тіркелгенде ғана тексере алатынын айтып, тексеру жұмыстарын күшейтуді ұсынды.