Боранға, жолдың көрінуінің нашарлауына, қар жаууына, кей жерлерде көктайғақ болуына байланысты 19 қараша күні түнгі сағат 22.00-ден бастап барлық көлік түрлері үшін Қостанай облысында «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» (232-260 шақырымы), «Жақсы-Есіл-Бозылық» (0-82 шақырымы), «Екатеринбург-Алматы» (997-856 шақырымы), «Жезқазған-Петропавл» (377-595 шақырымы) жолдары жабылды. Қарағанды облысында боран салдарынан жолдың көрінуінің нашарлауына байланысты «Жезқазған-Петропавл» (252-377 шақырымы), «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» (106-232 шақырымы) автожолдарының учаскелері жабылды. Сондай-ақ «Жезқазған-Петропавл» (130-240 шақырымы) тас жолының учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды.
07:18, 20 Қараша 2015
Қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің бірқатар облыстарында жолдар жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің бірқатар өңірлерінде жолдар жабылды, деп хабарланған ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің сайтында.