Көлде әлденеден шошынған мыңдаған балық судан шорши секірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық Қытайдағы Цзяоцзо қаласының тұрғындары өзгеше оқиғаның куәсі болды. Бірнеше жүздеген балық  жанталасқан күйде көлден аспанға шорши секірген.

Тіпті кейбіреулері жолындағы қайыққа, жағалауды бекіткен бетон қабырғаларға ұрынған. Құрғаққа шығып қалғаны қаншама. Олардың жаппай қырылуының себеп-салдары әзірге анықталмай отыр.

Бұл көлде бұдан бұрын да келеңсіз жағдайлар болған. Экологиялық себептерге байланысты балықтардың тірідей немесе өлі күйінде жағаға шығып қалған оқиғалар кездескен. Ал балықтардың бұлайша үрейленуі, шошынып аспанға секіруі өздігінен өзенді тастауға ұмтылуы жұмбақ жайт.  Бірақ бәрі де қорқыныштан қашқаны анық. 

Жергілікті тұрғындардың болжамы бойынша, су қоймасы аумағында кабель ашылып, электр тоғы соққан болуы мүмкін.