Көлігімен адам қағып өлтірген ақтөбелік жүргізуші ұсталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жол бойында тұрған адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен күдікті анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 29 шілде күні Богословка тасжолындатіркелген болатын. Полиция бір адамның көз жұмғанын, жүргізушінің оқиға орнынан қашып кеткенін хабарлады.

«Полиция қызметкерлері жан-жақты іздеу жұмыстарынжүргізіп, 17 жастағы күдіктіні ұстады. Кәмелет жасқа толмаған күдікті «Ваз-2110»көлігін жездесінен алып, серуендемек болған. Сазды ауылынан Ақтөбе қаласынақарай бағыт алғанда жол жиегінде тұрған ер адамды қағып кетті. Тоқтамай қашыпкеткен күдіктінің көлігі Алға ауданының Қарақұдық ауылындағы танысыныңауласынан табылды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз жетекшісі ЕрболатСарқұлов.

Қазір тергеу жүріп жатыр. Ал кәмелет жасқатолмаған күдікті ата-анасының қарауына берілді. Көлік айып тұрағына жеткізілді.