Мұндай нөмірлер көлік иесі және екі куәгердің қатысуымен алынуы керек, деп хабарлады әкімшілік полиция. «Жол полициясы қызметкері көлікті тоқтатқан сәтте-ақ, аталған бап бойынша көлік иесіне хаттама толтырылады. Айыппұл төленген соң, жүргізуші әкімшілік полиция басқармасына нөмірлік белгіні өзгерту туралы өтініш жазады», - деді Маңғыстау облысы ІІД ӘПБ басшысы Ұлықбек Мылтықов.
Мамандандырылған ХҚО-ның хабарлауынша, егер нөмірлік белгіге жол-көлік апатынан зақым келсе немесе ішінара сандары өшіп қалса, көшірмесін жасату керек. «Нөмірлік белгіні қалпына келтіруде техникалық құжатты өзгертудің қажеті жоқ. Нөмір үшін қарастырылған мемлекеттік баж салығын - 5 938 теңге төлеу қажет», - деді мамандандырыған ХҚО бас маманы Арман Мұсабаев.