Қала билігі бұл мәліметті теріске шығарды.
«Ол әкімдік қызметкері емес және ешқашан жұмыс істемеген (әкімдікте – ред.)», - деді ведомствоның баспасөз қызметінен.
Еске салайық, бүгін таңғы сағат 06.04 шамасында Ш.Қалдаяқов көшесіндегі «Арыс» көпірінде жантүршігерлік жол апаты болды. Көлік Astana LRT конструкциясының бетонды бағанына соғылды. 43 жастағы жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.