Мәселен, 26 шілдеде Астана қаласының әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлерімен әуежайдың күту залында төлқұжаттар мен көші-қон карточкаларды тексеру барысында Қазақстан Республикасында болу мерзімі өткен 19 Украина азаматын анықтады.
Ұсталған азаматтардың барлығына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-тармағы (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
«Енді әкімшілік іс Астана қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданады», делінген хабарламада.