«19 шілдеде Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөліміне шекара қызметі қызметкерлерінен - «Алматы-Франкфурт» рейсімен ұшпақшы болған, ҚР және АҚШ азаматтығын алған Қазақстан Республикасының 1974 жылғы азаматына қатысты, сондай-ақ, «Алматы-Анталия» рейсімен ұшып келген, ҚР және Түркия Республикаларының азаматтықтарын алған Қазақстан Республикасының 1978 және 1953 жылғы азаматшаларына қатысты үш хабар келіп түсті», делінген хабарламада.
Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлерімен ұсталған азаматтарға қатысты екі бап, яғни, ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабынің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған адамның Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін пайдалануы) бойынша және 492-баптың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау) бойынша әкімшілік хаттама түзілді.
Барлық материалдар Алматы қаласының ауданаралық әкімшілік сотына алдағы уақытта шешім шығару үшін жіберілді.