Көліктегі ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Талғат Өтетілеуовтың айтуынша, басшы құрамынан жауапты лауазымды адамдардың кезекшілігі бекітілді. Оқиға орнына жедел шығу және қылмыстарды «ізін суытпай» ашуды қамтамасыз ету мақсатында қосымша кезекші жедел-тергеу тобы құрылмақ. Бұған қоса, департаменттің қызмет көрсету аумағында, қоғамдық орындарда, сондай-ақ мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу орындарында құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша қосымша шаралар қабылданбақ.
Күшейтілген қызмет өткеру барысында маңызды және аса маңызды нысандарды, сондай-ақ, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын күзету күшейтілмек.