Есірткі заттарын сақтаудың 2 фактісі анықталды.
Мәселен, 2 мамыр күні Жамбыл ст. Ішкі істер желілік басқармасының қызметкерлері Жамбыл ст. темір жол вокзалының перронында Тараз қаласының 28 жастағы тұрғынын ұстады. Тексеру барысында ұсталған азаматшаның полиэтиленді пакетінен өзіндік иісі бар, жасыл түсті, өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сай бұл заттың салмағы 1 келі 100 грамм «кептірілген марихуана» екені анықталды.
Аталған факт ҚР ҚК 296 бабының 4 тармағы (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
Сондай-ақ, көлік полицейлері әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 745 құқық бұзушыны жауапкершілікке тартты, соның ішінде ұсақ бұзақылық үшін - 27, спирттік ішімдіктерді ішу және қоғамдық орындарда мас күйінде жүру бойынша - 105, белгіленбеген орындарда сауда жасау -63, ҚР келу тәртібін бұзғаны үшін 20 шетелдік азамат ұсталды.
Заңды өкілдерінің ертуінсіз үй жағдайынан тысқары жүрген кәмелет жасына толмаған 4 жасөспірім анықталды.
Уақытша бейімдеу орталықтарына - 12, қабылдап-тарату орындарына 2-еуі орналастырылды.
Аталған шара шеңберінде 184 адамнан саусақ іздері алынып, фото-бейне есепке қойылды.