Арқалық станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері қоғамдық орында, атап айтқанда Арқалық қаласының теміржол вокзалының ғимаратында балағат сөздер айтып, адамдардың мазасын алып, қоғамдық тәртіпті бұзған 36 жастағы азаматтың әкімшілік құқық бұзушылық жасағанын анықтады.
Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 434-бабының 1 тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Арқалық қалалық соты жоғарыда аталған азаматты әкімшілік жауапқа тарту туралы қаулы шығарып, оны 5 тәулік мерзімге қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаға тартты.
«Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 23-27 қыркүйегі аралығында Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «Мүлдем төзбеушілік» кең көлемді акциясы өткізілді. Акция аясында еліміздің көлік полицейлері әуе және теміржол көлігі нысандарындағы түрлі құқық бұзушылықтар үшін 14369 адамды әкімшілік жауапқа тартты»,-делінген хабарламада.