АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы 5 қазан күні Жаңа-Семей станциясындағы желілік полиция бөліміне Ресей Федерациясының 32 жастағы азаматы арызданып келді. Оның айтуынша, дәл осы күні сағат 10.15-те «Новосибирск-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызының тоқтап тұрған кезінде, вагондардың біріндегі купеде белгісіз біреулер жалпы құны 154 мың теңге тұратын «IPHONE-4S» және «HUAWEI» ұялы телефондарын ұрлап кеткен. Бұл туралы Көліктегі ІІД баспасөз қызметіхабарлады.
Жедел-іздестіру шарасы барысында Семей станциясындағы ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері Семей станциясының вокзал маңындағы алаңда Шығыс-Қазақстан облысының 55 жастағы тұрғынын ұстады.
Ұрланған телефондар тәркіленді. Қазір осы фактіге сәйкес, ҚР ҚК-нің 175-бабы, яғни, ұрлық бойынша қылмыстық іс қозғалды, делінген хабарламада.