Көлік полицейлері шеберліктерін шыңдау бойынша оқу-жаттығу сабақтарын өткізді

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Көлік полицейлері шеберліктерін шыңдау бойынша оқу-жаттығу сабақтарын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы 1 станциясындағы Желілік полиция басқармасыныңаумағында Көліктегі полиция департаменті Арнайы және жұмылдыру даярлықбасқармасының қызметкерлері Алматы полиция департаменті қызметкерлеріменбірлесе, экстремалдық жағдайлар туындаған кездегі бастапқы шараларды орындаубойынша теориялық және практикалық сабақтарды өткізді.

«Қызметтікміндеттерін орындау кезінде полиция қызметкерлері құқық бұзушылардың бағынбауіс-әрекеттерімен жиі бетпе-бет келеді. Бұл даярлықтың полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберліктерінің маңыздыкомпоненті болып табылатындығы және күнделікті қызметте экстремалдықжағдайлардың туындауы кезінде зор маңызға ие екендігі сөзсіз»- деп атапөтті Көліктегі полиция департаментініңбастығы полиция полковнигі Аманжол Қабылов.

Оқу-жаттығу сабақтарының барысында қатысушыларағастратегиялық маңыздағы объектілерге шабуыл жасау қаупі төнген кездегікезекші-жасақтың іс-әрекетінің алгоритімі егжей-тегжейлі түсіндірілді. Осындай жағдайлар кезінде қызметкер белгілібір функцияларды білуі және нақты орындауы қажет.

Бұдан соң жедел топтардың видеоматериалдар, сондай-аққарулы қылмыскерлерге қарсы қолданатын арнайы құралдар көрсетілді.


Бұдан басқа құрама жасақ қызметкерлері өздерініңдағдарыстық жағдайлар туындаған кездегі арнайы құралдарды қолдана отырып,жасайтын кәсіби машықтарын паш етті.

Іс-шараның соңында темір жол вокзалдары мен әуежайларданкүдікті зат тауып алу кезіндегі патрульдік қызметтің кезекші жасақтарыныңбастапқы іс-әрекеттері көрсетілді. Сонымен қатар кезекші жасақтардың,жедел-тергеу топтарының, жарылғыш технигі мамандарының және кинологиялық қызметмамандарының қызметтік-іздестіру иттерімен бірге жүргізетін іс-әрекеттеріпысықталды.

Өз кезегінде жарылғыш техника мамандары жарылғыш заттардызалалсыздандыратын арнайы техникамен таныстырды.

Жалпы, алғақойылған барлық міндеттер табысты орындалды. Көлік полицейлері әскеридаярлықтарының жоғары деңгейде екендігін көрсетті.

Жаттығудыңқорытындысы бойынша Департамент басшылығы барлық жұмылдырылған қызметтердіңбірлескен іс-қимылына оң баға берді.



Соңғы жаңалықтар