Көлік полицейлері темір жол рельстерін ұрлаған адамдар тобын ұстады

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен-1 станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Шемонаиха темір жол станциясының аумағынан темір жол бөлшектерін ұрлаған 23 және 34 жастағы екі ер азаматты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу барысындақұқық бұзушылардың темір жол станциясы маңында орналасқан бір ЖШС-не кіреберісжолдағы жалпы салмағы 2 тоннаға жуық рельстерді арнайы аппаратпен кесіп, алыпкеткендігі анықталды.

Олар аталған қылмысты жасағандарын мойындады.

Ұсталғандар ШҚО Шемонаиха аудандық сотының шешімімен кінәлідеп танылды.

Осыған ұқсас жағдай ШҚО Тұрғұсын-Зырян станцияларыныңөткелінде де орын алды. Екі ер азамат темір жол жиегіндегі учаскеден ұзындығы 15метр болатын темір жол рельстерін ұрлап, металл сынықтарын қабылдау пунктінеөткізу үшін Алтай қаласына алып кеткен.

Олар ізінше көлік полицейлерімен ұсталды.

Қолға түскендерЗырян аудандық сотының шешімімен ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 1 жыл6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар