НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлері Құндызды станциясының теміржол тұйығы аумағында жедел іздестіру іс-шаралары барысында майнинг операцияларына жабдықталған үй-жайды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеевтің мәлім еткеніндей, тексеру барысында криптовалюталарды өндіруге арналған майнингке арналған аппаратураның 130 жәшігі табылды.
Оған қоса аппаратураның қатты дискілері мен қосалқы бөлшектері тәркіленді.
Оның сөзіне қарағанда, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті жедел тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
«Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», деді полиция генерал-майоры О.Бекеев.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын көлік сақшыларының ұлттық құндылықтарды ұлықтап, дәстүрімізді дәріптегенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).