Департамент басшысының орынбасары полиция полковнигі Талғат Өтетілеуовтің айтуынша, 2017 жылдың басынан бері департамент пен оның бөліністерінің қызметкерлері 12 030 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты. «Соның ішінде «нөл төзімділік» қағидаты бойынша - 3 951, ұсақ құқық бұзушылық жасағаны үшін - 357, қоғамдық орындарға мас күйде келгені үшін - 1482, темекі шегуге тыйым салуды бұзғаны үшін - 1109, тәуліктің түнгі уақыттарында балалардың үлкендердің ілесіп жүруінсіз болғаны үшін - 79, белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін - 770, қоғамдық орындарда адамдардың мазасын алу бойынша - 154, соның ішінде - 88 такси жүргізушісі жауапкершілікке тартылды» - деді Т. Өтетілеуов.
Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 41 жасөспірім орналастырылды.
Сондай-ақ, аталған мерзімде еліміздің көлік полицейлері тұрақты мекен жайы мен құжаттары жоқ 152 адамды қабылдап-тарату орындарына, 162 адамды медициналық айықтырғышқа, 262 адамды әкімшілік тұтқындалғандарға арналған арнайы қабылдау орындарына орналастырды.
Айта кетейік, Наурыз мейрамы қарсаңында 19-24 наурыз аралығында еліміздің теміржол вокзалдары мен әуежайларда, жолаушылар пойыздарында құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Көліктегі ІІД жеке құрамы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшеді.