Ведомство мәліметінше, шараға 25 мыңнан астам адам, оның ішінде полиция қызметкерлері, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау, прокуратура органдарының, «Нұр Отан» және қоғамдық құрылымдардың өкілдері жұмылдырылды.
Акция басталған екі күн ішінде 28,7 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның 1807-сі ұсақ бұзақылық болса, 1131-і тыныштықты бұзу, 3408-і қоғамдық орындарда ішімдік ішу, темекі шегуге тыйым салынған жерлерде тәртіпті бұзудың 2714 факті тіркелген. Абаттандыру тәртібін бұзған 3 мың факті есепке алынған.
Көлік басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланғаны үшін 2412 жүргізушіге, жылдамдықты арттырғаны үшін 1942 жүргізушіге, қауіпсіздік белбеуін қолданбағаны үшін 3671 жүргізушіге айыппұл салынды. 394 мас жүргізуші және жол ережесін бұзған 1724 жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды.
«Білім беру ұйымдарында, сондай-ақ кәсіпорындар мен еңбек ұйымдарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өңірлерде ІІД және қалалық, аудандық орган басшылары, учаскелік инспекторлар мен кәмелетке толмағандармен жұмыс жөніндегі инспекторлар 2,8 мыңнан астам халықпен кездесу өткізді», - делінген хабарламада.