Осы мерейлі мереке қарсаңында Астанадағы М. Горький атындағы драма театрында Көліктегі ішкі істер департаменті қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жыл кеші ұйымдастырылды.
Айналасына шырай беріп, әдемі безендірілген шыршаның маңына топтасқан балаларды олардың ортасына келіп қосылған ертегі кейіпкерлерінің қойылымдары шат-шадыман күйге бөледі.
Бұдан соң балалар бір-бірінің қолдарын ұстап, шыршаны айналып ән салып, би биледі.
Көптен күткен Аяз ата мен Ақшақарды қошаметпен қарсы алған балғындар, олардың сауалдарына жарыса жауап берді.
Мерекенің бас кейіпкері бүлдіршіндерді жаңа жылмен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Көңілді кеште Аяз атаның қолынан сыйлық алуға тырысқан бүлдіршіндер бар өнерлерін ортаға салды.
Осылайша қуаныштан жүздері балбұл жанған балаларды Жаңа жыл кеші ғажайып қиялдарға толы ертегі әлеміне жетеледі, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.