Мерекелік іс-шара бейбіт уақытта қызметтік борышын өтеу барысында қайтыс болған қызметкерлердің құрметіне қойылған «Мәңгілік ұмытылмас есімдер» ескерткішінің жанында өтті.
«Ант қабылдау - халыққа, туған жерге және Заңға деген адалдыққа берілген киелі уәде. Полиция қызметкерлерінің жұмысы қиын, әрі шыдамдылықты, адалдықты, әділдікті және адамдарға деген сыйластықты, сондай-ақ күннен-күнге қызметте жаңашылдықты талап етеді», - деп атап өтті ҚР ІІМ КІІД бастығы, полиция полковнигі Аманжол Қабылов. Сонымен қатар ол әрбір полиция қызметкері өз ісінің шебері болуы үшін бар күшін салуы және заңды бұзған әрбір адамның сөзсіз жазаға тартылу қағидатын қамтамасыз етуі керек екенін айтып өтті.
Мерекелік құттықтау сөздері ішкі істер органдарының ардагерлеріне және ант қабылдаған қызметкерлердің ата-аналарына да берілді.
Содан кейін, мерекелік жиналыста Департамент бастығы жұмыста ерекше көзге түскен қызметкер мен ІІО ардагерлеріне ҚР ІІМ және Көліктегі ІІД құқығымен наградалар тапсырды. Мерекелік іс-шара барысында «Назарбаев-ғасыр адамы» тақырыбында деректі фильм көрсетілді.
Департаменттің барлық желілік бөліністерінде де ардагерлерді шақырумен мерекелік іс-шаралар өткізіліп, озық қызметкерлер марапатталды.