Еліміз аумағында департаменттің 25 желілік бөлімі жұмыс істеп тұр. Олардың басты міндеті - авиа және теміржол көліктеріндегі қозғалысты, жолаушыларды, олардың мүліктерін, сондай-ақ жылжымалы құрамда жүктерді қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету. ҚР ІІМ Көліктегі ІІД 303 теміржол вокзалында орналасқан 16 мың шақырым темір жолда, сондай-ақ 18 әуежайда, соның ішінде 16 халықаралық маңызы бар әуежайда қызмет көрсетеді.
Көлік полициясының қызметкерлері жұмыстың ерекшелігін есепке ала отырып, түрлі оқиғаларға жедел жауап қайтаруға дайын. Ардагерлер жас мамандармен үнемі өз білімдері және тәжірибелерімен бөлісіп келеді.