Көліктегі полиция құқық бұзғандарға 60 млн-ға жуық теңгеге айыппұл салды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көлік полицейлері жыл басынан бері ұсақ бұзақылық жасаған 900-ден аса адамды әкімшілік жауапқа тартты. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, кКліктегіполиция департаменті мен оның желілік бөліністерінің қызметкерлері кез келгенқұқық бұзушылыққа төзбеушілік қағидаты бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

Әкімшілік полиция басқармасының мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың басынанбері 31233 құқық бұзушы әкімшілік жауапқа тартылды. 400-ден аса адам әкімшілікқамауға алынып, 59 млн-ға. жуық теңге көлемінде айыппұл салынды.

«Сондай-ақ, құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидаты бойыншабелсенді жұмыс жүргізіліп, соның нәтижесінде, жалпы пайдалану орындарын ластаубойынша 411, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді пайдаланып, масаңкүйде болғаны үшін 3788, тыйым салынған орындарда темекі шеккені үшін 2137,белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін 2013, тәуліктің түнгі уақыттарындабалалардың үлкендердің ілесіп жүруінсіз 274, белгіленбеген жерлерде темір жолөткелдері үшін 15113 құқық бұзушы және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 910 адамәкімшілік жауапқа тартылды»,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ баспасөз қызметінің деректері бойынша, қоғамдық орындарда тиісу әрекетібойынша 1461 адам әкімшілік жауапқа тартылса, оның 222-сі такси жүргізушісі.

Қабылдап-тарату орындарына тұрғылықты мекенжайы жоқ 149 адам орналастырылып, 420 адам медициналықайықтырғышқа жіберілген. Еліміздің әуе және темір жол көлігі нысандарынанқаңғыбастық және қайыршылық жасаған кәмелетке толмаған 100 жасөспірім бейімдеуорталықтарына жеткізіліп, орналастырылған.

«Жыл басынан бері көлік полицейлері 14176 жолаушылар поездарына ілесіп жүрді. Бұған қоса,полицейлер 349 бірлескен алдын алу іс-шарасынн, 442 халықпен жиындар, 606жолаушылар поездарында кездесулер және оқу орындарында 1060 дәріс өткізді»,-депмәлімдеді баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар