Көліктен бейнесін көрген шағала оны тұмсығымен соққылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Уэльсте (Ұлыбритания) машина вамперінен өзінің бейнесін көрген шағала оған шаңқылдай ұмтылып, тұмсығымен бірнеше рет соққылады.

Өзінің бейнесімен айқасқан бұл жанжал видеода 30 секундқа созылды.

Машина иесінің айтуынша, шағалалар оның машинасына үнемі шабуыл жасайтын көрінеді.