Көліктен оқ жаудырған ақтөбелік жігіт ауылдасын өлтіріп тастады

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Шалқар ауданында қылмыстық іс тіркелді. Аудан тұрғыны көлікпен жүріп, үш ауылдасын атып тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қылмыстық оқиға27 шілде күні сағат 4:33-те тіркелді. Шалқар аудандық полиция бөліміне аудандықауруханадан шақыру түскен. Сол күні аудандағы «Мерей» сауда үйініңжанынан оқ жарақатын алған үш адам ауруханаға жеткізілген.

«Ауылдың үштұрғыны түрлі дене жарақатымен түскен. Оқ жарақатынан бір адам ауруханада көзжұмды. Жедел іздестіру кезінде 21 жастағы аудан тұрғыны ұсталып, ол кінәсінмойындады. Көлікте келе жатып, оқ атып, үшеуін жаралады. Кейін күдікті 16калибрлі аңшы мылтығын стадион алаңына тығып тастағанын көрсетті. Қылмыстықкодекстің »Адам өлтіру« бабы бойынша іс қозғалып, тергеубасталды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз жетекшісі ЕрболатСарқұлов. Полиция әзірге қылмыстың себебін атамады. Тек жаппай төбелесболмағанын растады.

Айта кетейік,Шалқар аудандық ауруханасы оқ жарақатын алған өзге жәбірленушілердің қазіргіжағдайын айтудан бас тартты.