Биыл тамызда прокуратураның үйлестіруімен Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары мен Ақмола облысы бойынша көлік бақылауы инспекциясы басшысының орынбасары ұсталды.
Олар жүктері рұқсат етілген салмақ нормаларынан асып кеткен көлік құралдарының кедергісіз жүруін қамтамасыз ету жөніндегі құқыққа қарсы әрекеттерге күдікті.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, аталған адамдар кәсіпкерлерден 40 млн теңгеден астам сомаға материалдық сыйақы алған.
Сот санкциясымен аталған адамдар қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Айта кетеік, осыған дейін «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі артық жүк мәселесінің ауқымын жариялады. Айтуларынша, бір мыңға жуық көлік 200 тоннадан артық жүкпен жүрген.