Бұған дейін хабарлағанымыздай, 20 жастағы жігіт кәмелет жасқа толмаған бір топ жасты қағып, оқиға орнынан қашып кеткен болатын. Нәтижесінде Хромтау тау-кен техникалық колледжінің студенттері мен мектепалды даярлық тобының оқушысы ауруханаға түсті.
«Қылмыстық кодекстің 345- бабы 1-бөлігі бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Яғни, заң бұзған азамат »Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу« бабы бойынша жауап береді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Жүргізуші қамауға алынған жоқ.