«2016 жылдан бастап алғаш рет біліктілігін растаған және мамандығы бойынша бір жылдан кем емес еңбек өтілі бар колледж түлектері барлық мамандықтар тұрғысында айрықша құқыққа ие», - деді ол.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 31 702 грант бөлінді,оның ішінде 2 950 орын жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде оқуға, 28 752 грант 1 курсқа қабылдауға қарастырылды.
Жалпы, конкурсқа І, ІІ топ мүгедектігі бар 363 адам, Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ қазақ ұлты өкілдерінен қамтылған 1 053 адам, сондай-ақ 492 ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар мен жетім балалар қатысуда. Бұл адамдарға квоталар белгіленген.
«ҚР азаматы емес қазақ ұлты өкілдері үшін жоғары оқу орындарына қабылдаудың квотасы бекітілген мемлекеттік тапсырыс көлемінен 2 пайыз мөлшерінде белгіленді. Сәйкесінше, қазақ диаспорасы өкілдері белгіленген квота шегінде қатыса алады», - деді Г. Көбенова.
Қазақстанда жоғары оқу орнына түсу үшін білім гранттары иегерлерінің тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында 12 тамызға дейін жарияланады деп күтілуде.