«Оқу-ағарту министрлігі еліміздің колледждерінде сырттай оқытуға арналған мамандықтар тізімін айтарлықтай қысқартты. Енді студенттер 23 мамандық немесе 45 біліктілік бойынша оқи алады. Бірақ, оқытудың бұл түрі студенттерге сапалы машықтарды, дағдыларды бере алмайды. Осыған байланысты министрлік сырттай оқудағы мамандықтарды қысқарту бойынша жұмысты кезең-кезеңмен жүргізіп жатыр және мұны еңбек нарығы анықтайды», - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің басқарма басшысы Әлімжан Құмашев.
Оның дерегінше, осыдан 2 жыл бұрын жастар 595 біліктілік бойынша сырттай білім алуға болатын.