«Жазаны өтеу тәртібін сақтағысы келмеген кейбір сотталғандар бейнекамераларды қасақана зақымдауды шығарды. Олар 683 бейнебақылау камерасын сындырып, істен шығарды. Мұндай заңсыз әрекеттер аймақтарды бақылаусыз қалдырып қана қоймай, мемлекеттік бюджетке айтарлықтай шығын келтіреді», - деді Шыңғыс Алекешев ведомствода онлайн өткен баспасөз мәслихатында.
Осы орайда Қылмыстық кодекске тиісті түзетулер енгізілген.
«Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, тергеу және уақытша ұстау изоляторларында бейнебақылау жүйесін қасақана жою немесе бүлдіру» әрекеті бойынша 428-1-бабы енгізілді. Бапта 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - дейді ол.
Айта кетейік, бүгінде елімізде 37 мың адам жазасын өтеп жатыр.