«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Күрметі орманшылығы аумағындағы Жымбы сайындағы қорымнан орманшы көмекшісі аю мен оның қонжығын байқап, ерекше сәтті бейнетаспаға түсіріп алды.
— Табиғаттың тамаша көрінісі ұлттық парк аумағындағы жануарлар дүниесінің байлығын тағы бір мәрте айғақтай түсті, — деп хабарлады Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінен.
Айта кетейік, бұған дейін Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының аға ғылыми қызметкері Қазақстанның Қызыл кітабына енген жыртқыш аң — қарақұлақты суретке түсіріп алған еді.