Колумбия құрамасы Америка кубогының ширек финалына шықты
07:30, 07 Шілде 2024
АСТАНА. KAZINFORM – Колумбия құрамасы Америка кубогының ширек финалында Панаманы 5:0 есебімен ойсырата жеңді.
Кездесудің алғашқы таймында Хамес Родригес 1 гол соғып, 2 нәтижелі пастың авторы атанды. Нәтижесінде аталған турнирде матчтың бірінші таймында 3 голға үлес қосқан алғашқы ойыншы болды.
Айта кетейік, Колумбия құрамасы 27 ойын бойы жеңілмей келеді.
Еске салсақ, бұған дейін Еуропа чемпионатының жартылай финалына шыққан барлық құрама анықталғанын жазған едік.