EURO-2024: жартылай финалға шыққан барлық құрама анықталды

спорт
Фото: championat.com

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында жартылай финалға шыққан барлық құрама анықталды.

Ширек финалдың соңғы жұбында Нидерланд пен Түркия құрамалары кездесті.

Бүгінгі кездесу барысында түркиялық Самет Акайдын 35-минутта әріптесі Арда Гюлердің берген пасын голға айналдыра білді.

Ал 71-минутта нидерландтық Стефан де Врей таразы басын теңестірсе, түркиялық Мерт Мюльдюр 76-минутта автогол авторы атанды.

Осылайша Нидерланд қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды.

D тобында сынға түскен Нидерланд сенімді ойын көрсете алған жоқ. Польшаны 2:1 есебімен жеңіп, Аустрияға 2:3 есебімен есе жіберсе, Франциямен 0:0 есебіне қанағат білдірді. Небәрі үш ұпай жинаған құрама 1/8 финалда олар 3:0 есебімен Румынияның осал тұсын тапты.

1/8 финалда олар 3:0 есебімен Румынияның осал тұсын тапты.

Енді жартылай финалда 9 шілдеде Испания мен Франция, Англия мен Нидерланд шеберлік байқасады.

Жартылай финал ойындары 9 және 10 шілде күндері өткізіледі. Финал 14 шілдеге белгіленген.

Еуропа чемпионаты 1960 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Қазірге дейін Германия, Испания 3, Италия, Франция 2, КСРО, Португалия, Чехословакия, Нидерланд, Дания мен Грекия 1 реттен жеңіс тұғырына көтерілді.

Соңғы жаңалықтар
telegram